«СКЗ-U» ЖШС еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша барлық ұйымдастыру және оқыту-әдістеме жұмыстары ҚР Еңбек Кодексына және ҚР басқада номативті-құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Кәсіпорында еңбек қызметіне байланысты жазатайы оқиға , өндірістік жарақаттану тіркелмеген.
«СКЗ-U» ЖШС ішкі бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғауды Е,ӨҚ ж ҚОҚ бөлімі жүзеге асырады . Бекітілген кестеге сәйкес ЕҚ,ҚТ және ӨҚ жағдайына бөлімшелерде комиссия құрамымен акт жасаумен тексерулер жүргізіледі.
Кәсіпорында нұсқаулықтың қажетті барлық түрлері өткізілді. Алғашқы,кіріспе, қайталау және жоспардан тыс нұсқаулықтар белгіленген мерзімде өткізіледі . «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ «Уран өндіруші кәсіпорындарда болған ЖҚЖ және жазатайым оқиғалар туралы» хабарландыру хатына негізінде кәсіпорын жұмыскерлерімен журналға қол қоюмен жоспардан тыс нұсқаулық өткізілді. Осы ақпараттар жұмыс орында өткізілген нұсқаулықта пайданылады. .
«СКЗ-U» ЖШС-де СТ РК ИСО 9001-2009 и СТ РК ИСО 14001-2006, OHSAS 18001-2007, СТ РК 50001 талаптарына сәйкес біріктірілген менеджмент жүйесі (БМЖ) әзірленіп, құжаттандырылып, енгізіліп және жұмыс жағдайда ұсталады.
2018 жылдың шілде айында «СКЗ-U» ЖШС қолданыстағы БМЖ халықаралық стандартына сәйкестігіне растаумен сыртқы аудит жүргізілді . Сәйкестігін растайтын «EUROASIA MS» компаниясы аудиті табысты аяқтап біздің қызмет халықаралық стандартқа сәйкестігі туралы растау берді.
Кәсіпорын әкімшілігі КҚЗ жұмыскерлерін арнайы киімен және басқада ЖҚҚ қамтамасыз ету мәселесіне үлкен назар бөледі. КҚЗ жұмыскерлері тиісті құралдарымен қажетті көлемінде қамтамасыз етілген. Кәсіпорын жұмыскерлеріне арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқада ЖҚҚ тегін беру нормасы Бас директор бекітіп 3.07.2015 жылы Қызылорда облысының еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторымен келісілген.
Кәсіпорын қызметкерлерін оқыту тұрақты негізінде өткізіледі.
Мүмкін болатын ТЖ, апатты жоюға жасақтардың дайындығын тексеру мақсатында оқу-жаттығу сабақтар өткізіледі. КҚЗ апатты жою жоспары әзірленген.Бекітілген кесте бойынша КҚЗ басшылығының қатысумен АЖЖ бойынша оқу жаттығулар өткізілді. Оқу дабыл нәтижесі бойынша қызметкерлер әрекеттеріне талдау жасалды., берілген ескертулерде жоюға нақты шара қабылдау жөнінде шаралар әзірленді. «СКЗ-U» ЖШС жыл сайын республикалық командалық-штабтық оқуларға қатысады.
Ауысым алдығы қызметкерлердің медициналық қараудың сапасын ЕҚТжҚОҚ қызметі және бөлім басшылары бақылайды. Кестеге сәйкес 2018 жылдың наурыз айында жыл сайынғы кәсіпорын қызметкерлеріне медициналық қарау жүргізілді.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ұйымдастыру-техникалық шаралары 2017 жылы 329854,03 мың тенгеге орындалды.