«Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» атты Х халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2022 жылғы 24-26 қарашада Алматы қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың 25 жылдығына және (Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны) «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-ның 20 жылдығына арналған «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» атты Х халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Биыл аталмыш шараға атом саласындағы белгілі кәсіпорындар мен компаниялардың 200-ден астам өкілдері, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар мен мамандар қатысуды жоспарлап отыр.

Конференцияның мақсаты – халықаралық ғылыми қоғамдастыққа, озық материалдарды, техника мен жабдықтарды әзірлеушілер мен өндірушілерге Қазақстанның және басқа елдердің атом саласының кәсіпорындарын дамыту мақсатында өзекті ғылыми-технологиялық мақсаттарды талқылау және оларды шешу үшін алаң ұсыну.

Алдағы конференцияда атом саласының өзекті мәселелері жеті негізгі секцияларда қарастырылады:

         1-секция. Геология, геотехнология және тау-кен дайындық жұмыстары

          2-секция. Уран өндіру және қайта өңдеу технологиясы

          3-секция. Реакторға дейінгі ядролық-отын циклінің технологиялары мен өзекті мәселелері – конверсия, ядролық отынды өндіру.

          4-секция. Сирек, сирек жер металдарын және олардың негізінде жоғары технологиялық өнімдерді өндірудің ресурстары мен тиімді технологиялары

          5-секция. Атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс істеуі және техногендік қалдықтарды басқару

          6-секция. Тұрақты даму (ESG) мәселелері, атом саласы жұмыс істеуінің құқықтық, макроэкономикалық және білім беру аспектілері

          7-секция. Атом саласындағы цифрландыру, автоматтандыру және роботтандыру

өтетін орны Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы АҚ «Қазақстан-Британ техникалық университеті»

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР:

2022 ж. 30 қазан - Конференцияға қатысу туралы өтінімдерді қабылдау мен растаудың аяқталуы

2022 ж. 30 қазан - Жинаққа MS форматындағы баяндамалар мәтіндерін қабылдаудың аяқталуы

2022 ж. 9 қараша  - MS Power Point форматындағы Баяндамалар таныстырылымдарын қабылдаудың аяқталуы

Қатысу ережелері мен тезистерге қойылатын талаптар туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады.

Қатысуға арналған өтінімді толтыру.

Конференцияны жүргізумен байланысты сұрақтар бойынша:

Аманова Айдана, Ғылыми-техникалық жобалары департаментінің менеджері

Тел.: +7 (7172) 45 84 44 ішкі нөмір 10108

Email: aamanovaatkazatomprom.kz