26 ақпанда Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қазатомөнеркәсіптің уран өндіруші кәсіпорны «Байкен-U» ЖШС-те болды.
Вице-министр «Хорасан-2» кенішінің өндірістік алаңдарын аралап, вахтадағы жұмыскерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларымен танысты. Ол қызметкерлердің әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін Қазатомөнеркәсіп қабылдаған шараларға оң баға беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экологиясына қосқан компанияның елеулі үлесін атап өтті.
Сондай-ақ, вице-министрдің жұмыс сапары аясында 28 ақпан күні тұрғындармен кездесу өтеді, оған Қазатомөнеркәсіп және Қызылорда облысында орналасқан атом холдингі кәсіпорындарының басшылары қатысады.