ҚХР АЭС үшін қазақстандық ядролық отынның алғашқы партиясы жеткізілді

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауытынан (Қазақстан - Қытай бірлескен кәсіпорны) Қытайға AFA 3G ТМ дизайнындағы жаңа ядролық отын – жылу бөлетін құрамалардың (ЖБҚ) бірінші партиясы жеткізілгенін хабарлайды.

Бір қайта жүктеу көлеміндегі (30 тоннадан астам төмен байытылған уран) ЖБҚ орналастырылған 34 көліктік-орау контейнерлері бар теміржол платформалары мамандандырылған күзетпен бірге Қытайдағы атом электр станциясына жеткізіліп, түпкі тұтынушы – Қытайдың CGNPC-URC ядролық корпорациясы қабылдап алды.

«АЭС үшін ядролық отын өндіру жөніндегі инновациялық жобаны іске асыру – Компанияның әлемдік климаттың өзгеруінің салдарын жұмсартуға және төмен көміртекті даму жөніндегі жаһандық мақсатқа қол жеткізуге қосқан үлесінің мысалы. «Үлбі-ЖБҚ» зауыты Қазатомөнеркәсіпке өндірісті әртараптандыруға, желіні кеңейтуге және қосылған құны жоғары жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған уран өнімдерін шығаруға мүмкіндік берді. Қытайлық серіктестерге өнімді сәтті жеткізу Қазатомөнеркәсіптің әлемдік ядролық отын нарығында сенімді және артықшылыққа ие жеткізуші ретіндегі беделін растады», - деді Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов.

Жоба атом өнеркәсібі саласындағы әлемнің жетекші компанияларының табысты көпжақты ынтымақтастығының жақсы үлгісі болып табылады. ЖБҚ өндірісінде Үлбі металлургия зауытында қайта өңделген Қазақстанда өндірілген уран шикізаты пайдаланылады.

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауытының ұжымын және Қытайдан келген серіктестерімізді осы орасан зор оқиғамен құттықтаймын. Дайын өнімді алғашқы жөнелту ЖБҚ тұрақты жеткізілімдерінің басталуын белгіледі, бұл біздің кәсіпорындар үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Қытай үшін бейбіт атомды игеруде өте маңызды», - деді «ҮМЗ» АҚ Басқарма төрағасы Сергей Бежецкий.

«Мен дайын өнімді өндіруге және тұтынушы – Қытай Халық Республикасына алғашқы жеткізуге қатысқан барлық әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Түпкі тұтынушы өкілдерінің қатысуымен «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ және URC-Logistics қызметкерлері командасының үйлесімді жұмысы тарихи оқиғаны жүзеге асыруға көмектесті», - деп атап өтті «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Бас директоры Арман Сүлейменов.

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауыты 2021 жылдың қараша айында Framatome француз компаниясының AFA 3G дизайнындағы ЖБҚ өндіру технологиясының иесі тарапынан сертификаттаудан өткеннен кейін және өнімнің түпкілікті тұтынушысы – CGNPC-URC Қытай ядролық корпорациясы тарапынан сертификатталған ядролық отын жеткізушісі ретінде танылғаннан кейін іске қосылды. Бұл атом электр станциялары үшін ядролық отын шығару бойынша Қазақстан Республикасындағы жалғыз өндіріс және 20 жыл бұрын кепілді өткізу нарығы бар. Зауыттың қуаты – төмен байытылған уранға есептегенде жылына 200 тонна.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ инновациялық өндірісінің іске қосылуы Қазақстанға атом станциялары үшін ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі шеңберіне кіруге мүмкіндік беріп, Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту және осы бағыттағы басқа елдермен ынтымақтастық перспективалары бойынша жаңа мүмкіндіктер ашты. 

Анықтама: ЖБҚ – инженерлік құрылым, оның жақтауына жылу бөлетін элементтер (твэльдер) – уран таблеткаларымен толтырылған түтіктер орналастырылады. Бұл құрамалар АЭС үшін отын болып табылады. ТБэлдерге арналған уран таблеткаларын «ҮМЗ» АҚ дайындайды.

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: iratkazatomprom.kz

 

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Сабина Кумурбекова, GR және PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Астана қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

 

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салаларының қажеттіліктері үшін әлемде танылған уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС – Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны, құрылтайшылары – 51% үлесі бар «ҮМЗ» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес компаниясы) және 49% үлесі бар CGNPC-URC (China General Nuclear Power Corporation еншілес компаниясы).

 

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.