Қазатомөнеркәсіп «Орталық» ӨК» ЖШС бойынша мәміле жасалғаны туралы хабарлайды
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ) кейінге қалдыру және қажетті үкіметтік рәсімдерден өту шарттарымен «Орталық» ӨК» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 49%-ын China General Nuclear Power Corporation (бұдан әрі – «CGNPC») еншілес кәсіпорнының пайдасына сатып алу-сату шартына қол қойылғаны туралы хабарлайды.
Бұған дейін хабарланғандай (Компанияның 2020 жылғы 29 желтоқсандағы және 2021 жылғы 16 наурыздағы баспасөз релиздерінде), Қазатомөнеркәсіп пен CGNPC арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде тараптар Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасқан жылу бөлгіш құрамалар шығаратын зауыт («Үлбі-ЖБҚ») салу туралы уағдаласты. Бұл ретте CGNPC Үлбі-ЖБҚ өнімін сатып алуға кепілдік береді, ал Қазатомөнеркәсіп өзінің 100% еншілес компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС үлесінің 49%-ын CGNPC немесе оның үлестес компаниясының пайдасына сатуға келіседі (бұдан әрі – «Мәміле»).
2021 жылғы 22 сәуірде Мәміле бойынша сатып алу-сату шартына қол қойылып, тараптар төрт ірі халықаралық консалтингтік компаниялардың бірі бағалаған құнға келісті. «Орталық» ӨК» ЖШС үлесінің 49% құны шамамен 435 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.
Мәміле кейінге қалдыру шарттарын қамтиды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың мақұлдауынан өтуі тиіс, болжам бойынша ол 2021 жылдың 30 маусымына дейін аяқталмақ.
Мәміле аяқталғаннан кейін Қазатомөнеркәсіп өз үлесінің 51%-ын сақтап қалады, ал CGNPC немесе оның үлестес компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі қатысу үлесінің 49%-ын сатып алады, бұл ретте серіктестер уран сатып алуды осы кәсіпорындағы өзінің қатысу үлесіне барабар көлемде жүзеге асыратын болады.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:
Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 Email: irkazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:
Торғын Мукаева, GR және PR департаментінің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 80 63 Email: prkazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.
China General Nuclear Power Corporation компаниясы туралы
CGNPC ядролық отын, инженерлік дизайн, технологиялық зерттеулер мен әзірлемелер, инженерлік құрылыс және өндірісті қоса алғанда, ядролық энергетиканың өндірістік тізбегінің негізгі компоненттеріне кәсіби қызмет көрсетеді. 2019 жылдың аяғында CGNPC Қытайдағы ең ірі атом станциясының операторы болды, әлемдегі ең ірі операторлардың бестігіне кірді және әлемдегі ең ірі атом электр станцияларын салу компаниясы болды. CGN тобына кіретін CGN Power компаниясы (01816.HK) - ядролық энергия өндірумен ғана айналысатын әлемдегі жалғыз жария компания.
«Орталық» ӨК» ЖШС
«Орталық» ӨК» ЖШС - Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны, Орталық Мыңқұдық кен орнында 100% үлеске ие және Жалпақ кен орнында барлау және тәжірибелік пайдалануды (өндіруді) жүзеге асырады, оның жиынтық минералдық ресурстары JORC сәйкес шамамен 38 957 тонна уранды құрайды (2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай). Мыңқұдық кен орнының жобалық қуаты және жылына 2000 тонна уран өндіру үшін қолданыстағы жер қойнауын пайдалану туралы келісімі бар (қазіргі уақытта өндірістік қуаты Компанияның нарықтық стратегиясына сәйкес рұқсат етілген қуаттан 20%-ға төмен). Жалпақ кен орнының өндірістік қуаты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану туралы келісімшартты келісу шеңберінде ҚР Үкіметімен келіссөздер қорытындысы бойынша айқындалатын болады.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.