«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Қазақстан Республикасының Түркістан облысында жұмыс жүргізетін «КАТКО» қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнында COVID-19 ауруы анықталғанын хабарлайды.
Пандемия басталғаннан бері Компания кәсіпорындарында үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді вахталық ауысымға кірісер алдында және вахталық ауысым аяқталғаннан кейін міндетті түрде тестілеуден өткізе отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына сәйкес уақтылы өзектендірілетін вахталық ауысым алгоритмдері енгізілді. Кәсіпорындарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіліп, әлеуметтік арақашықтық сақталуда, жеке қорғану құралдары, антисептиктер мен дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры құрылып, басқа да қажетті медициналық жабдықтармен толықтырылды.
Вахталық ауысым алгоритмдерінің сақталуына қарамастан, желтоқсан айының соңында вахтаға келгенде теріс тест нәтижесі болған «КАТКО» БК» ЖШС-тің бірнеше жұмыскерлерінде объектіде жұмыс істеу және «Мойынқұм» кен орнындағы вахталық кентте болған кезінде коронавирустық инфекция белгілері байқалды. Кәсіпорын басшылығы «КАТКО» БК» ЖШС және «Мойынқұм» кен орнындағы мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлерін COVID-19-ға ПТР-тестілеу әдісімен тексеру жүргізу туралы жедел шешім қабылдады, соның нәтижесінде COVID-19 оң жағдайлары анықталды.
Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті органдардың ұсынысы бойынша және бұрын теріс тестілері бар қызметкерлер арасында оң жағдайлардың болуына байланысты «Төртқұдық» учаскесінің барлық қызметкерлері мен мердігерлеріне тестілеу жүргізілді. Екі учаске бойынша тестілеудің соңғы нәтижелері әлі де күтілуде. Оң нәтиже көрсеткен қызметкерлер оқшауланды. Түркістан облысы Созақ ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына сәйкес, екі объектіде де түпкілікті нәтижелер алынғанға дейін және кейіннен қайта вахталық ауысым жасалғанға дейін карантин енгізілді. Компания объектілерде де, олардан тыс жерлерде де қызметкерлердің денсаулығы мен амандығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
КАТКО-ның болжауынша, карантин вахталық кенттің орналасуын және кен орындарын игерумен айналысатын жұмысшылар мен өндіруге қатысатындардың бөлінуін ескергенде, бұрғылауға немесе 2021 жылғы өндіру жоспарына әсер етпейді.
Компания қызметкерлерге қолдау көрсетуді жалғастыра береді және COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етеді.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:
Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 Email: irkazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:
Торғын Мукаева, GR ж PR департаментің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 80 63 Email: prkazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. Компания 2019 жылы табиғи уран өндірісі бойынша әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24%-ын құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынға ие. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.