«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания») жария талқылау үшін электрондық үкімет порталында (eGov) орналастырылған «2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына енгізілген жекешелендіруге жататын компаниялардың тізімі түзетіліп, Компанияның еншілес кәсіпорындары тізімнен толық шығарылғанын хабарлайды.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша
Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: irkazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша
Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаменті директорының м.а.
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: prkazatomprom.kzҚазатомөнеркәсіптің кейбір активтерін жекешелендіру туралы ақпаратқа қатысты өзгеріс
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.