2023 жылғы 6 ақпанда Өскеменде «600-ғимарат. Қайта құру. Қуаттылығы жылына 6000 тонна уран тотығын аффинаждық өндіру. ШҚО, Өскемен қаласы, «ҮМЗ» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны). Солтүстік алаң» жобасының қоршаған ортаға әсері бағалау жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті.
Оған жергілікті мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың (жергілікті тұрғындар мен қоғамдық қызметкерлер), Үлбі металлургия зауытының және БАҚ-тың 40 шақты өкілі қатысты.
Жобаның мақсаты – Қазақстан аумағында ядролық отын циклі (ЯОЦ) буындарының бірін – табиғи уран аффинажын құру, бұл келесі буын – конверсияны құрудың алдын ала кезеңі болып табылады. Сондай-ақ, жоба экология мен энергия үнемдеудің әлемдік стандарттарын ескере отырып, ядролық отын өндіру бойынша жаңа озық технологияларды енгізуге және сұйық радиоактивті қалдықтарды төгуді болдырмау және қауіпті химиялық заттарды тұтынуды азайту есебінен өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Осы жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау есебіне сәйкес, аффинаж өндірісін құру сұйық және қатты радиоактивті қалдықтардың түзілуін, сондай-ақ атмосфераға аммиак буларының шығарылуын азайтуға мүмкіндік береді.
Жұртшылық өкілдерінен келіп түскен 9 сұрақ пен ескертулер талқылау қорытындысы бойынша алынып тасталды. Жобаның қоршаған ортаға әсері қолайлы деп бағаланды.