Абдимолдаев Дархан Кайратович

Байқау кеңесінің Төрағасы

Дархан Абдимолдаев 1986 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Дархан Абдимолдаев Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, «Экономика бакалавры» дәрежесін, КИМЭП Университетін, «Экономика магистрі» дәрежесін, сондай-ақ Томск политехникалық университетін «Уран өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиясы» мамандығын кәсіптік қайта даярлау бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Ситибанк» АҚ-да операциялық Департаменттің кіші маманы қызметінен бастады.

2009 жылдан 2017 жылға дейін «Ситибанк» АҚ және «ЮГХК «БК» ЖШС-де түрлі лауазымдарды атқарды, оның ішінде маман, аға маман, корпоративтік бизнес департаментінің менеджері, қазынашылық және тәуекел-менеджмент бөлімінің бастығы.

2017-2023 жылдары «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ, «Инкай «БК» ЖШС және «Аппақ» ЖШС-де Корпоративтік қаржы және қазынашылық Департаментінің бастығы, экономика және жоспарлау Департаментінің директоры, экономика және жоспарлау жөніндегі Басқарушы директор, Бас директордың орынбасары, сондай-ақ «Аппақ» ЖШС-нің Бас директоры қызметтерін атқарды.

2023 жылдың маусым айынан бастап «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ның Қаржылық бақылаушысы болып тағайындалды.