«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 03 қыркүйекте Шәріпов Мәжит Бейсембайұлы, Қазатомөнеркәсіптің Директорлар Кеңесінің шешімімен Компания Басқарма Төрағасы болып тағайындалғаны туралы хабарлайды. Шәріпов мырза 2015 жылдан бастап ядролық отын циклы бойынша атқарушы директор ретінде компанияда жұмыс істей бастады, ал 2021 жылдың 01 қаңтарынан бастап ядролық отын циклы бойынша бас директор лауазымына тағайындалып, көп ұзамай Басқарма мүшесі болды. Шәріпов мырзаның атом саласындағы мол тәжірибесін ескере отырып, жаңа лауазымда айтарлықтай сараптама әкеледі. Шәріпов мырза мемлекеттік қызметте және жеке секторда түрлі лауазымдарда, оның ішінде ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры, ҚР Атом энергиясы агенттігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры және Атом энергиясы комитетінің төрағасы лауазымдарында 33 жылдан астам тәжірибесі бар.
"Директорлар кеңесінің атынан компанияның Басқарма Төрағасы ретінде Шәріпов мырзамен жұмыс істеу мүмкіндігіне қуаныштымыз, -деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфэллоу. - Компания басшылығындағы таяудағы тағайындаулар секілді, бұл тағайындау да Қазатомөнеркәсіп акцияларын бастапқы орналастырғаннан (IPO) кейін әзірленген Компанияның сабақтастық жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Осыған байланысты Мәжит Шәріпов Компанияны табысты басқару үшін барлық қажетті қасиеттерге ие және барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді нарықтық құнды құруға тұрақты назар аудара отырып, біздің 2018-2028 жылдарға арналған стратегиямыздың орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті".
"Мен үшін бұл үлкен мәртебе және мен Директорлар Кеңесіне және мажоритарлық акционерге сенім білдіргені және Компанияны басқаруға мүмкіндігі үшін алғысымды білдіргім келеді, - деді Шәріпов мырза. - Мықты Директорлар Кеңесі мен басшылар командасы, сондай - ақ біздің қызметкерлеріміздің кәсіпқойлығы және біздің серіктестер, клиенттер, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптармен берік қарым-қатынас нарықтағы көшбасшылықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін. Бұл ретте негізгі қызметіміз – уран өндіруде нарықтық бағытты ұстануды жалғастыра отырып, ұзақ мерзімді нарықтық құнды құру стратегиясына бейілділігімізді сақтай тұра, Компания басшылығымен бірге мен жетістігімізді құрайтын қызметтің барлық бағыттарын дамытуды жалғастырамын, атап айтқанда тиімді басқару, еңбекті қорғау, денсаулық және экология саласындағы жоғары стандарттар, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық".
Ядролық отын циклы жөніндегі бас директор
Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіптің ядролық отын циклы департаментінің директоры болып табылатын Досболат Сарымсақов ядролық отын циклы бойынша бас директордың міндетін атқаратын болады. Досболат Сарымсақов компанияда 2011 жылдан бастап жұмыс істей бастады, ал жалпы жұмыс тәжірибесі 20 жылдан асады, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында және "Таратпауға жәрдемдесу орталық" қауымдастығында жұмыс жасап, соңғысында ол Атқарушы директор лауазымын атқарды. Ядролық технологиялар мен отын циклы саласында айтарлықтай тәжірибесі мен техникалық білімі бар Сарымсақов мырза, Үлбі металлургия зауыты базасында жылу бөлетін құрамаларды құрастыру зауытының құрылысына белсенді қатысуды қоса алғанда, Қазатомөнеркәсіптің ЯОЦ жобаларында маңызды рөл атқарды.
Өндіріс жөніндегі бас директор
Өндіріс жөніндегі бас директор Асқар Қасабеков зейнетке ерте шығу туралы шешіміне байланысты 2021 жылғы 03 қыркүйекте қызметінен кететіні туралы хабарлайды. Қасабеков мырза осы жылдың мамыр айынан бері тек бірнеше ай жұмыс істегеніне қарамастан, біз оған пандемия кезеңіндегі қауіпсіздік жөніндегі хаттамаларды қолдауға және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік жоспарды орындауға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз.
Директорлар Кеңесінің қолдауымен Компания осы лауазымға лайықты үміткерлерді іріктеу процесіне бастамашылық етті. Тау-кен департаментінің директоры Әлия Ақжолова өндіріс жөніндегі бас директорды тағайындау және бекіту бойынша корпоративтік рәсімдерді өткізу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директордың міндетін атқаратын болады.
Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор
Бұған дейін хабарланғандай, құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор Марат Елемесов оқу демалысында. Құқықтық департамент директоры Қазбек Шаймерденов Елемесов мырза болмаған кезеңде құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі Басқарушы директордың міндеттерін атқаратын болады.
Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіптің басшылығы:
- Мәжит Шәріпов, Басқарма төрағасы;
- Камила Сыздықова, Экономика және қаржы жөніндегі бас директор (Басқарма мүшесі);
- Асқар Батырбаев, Маркетинг жөніндегі бас директор (Басқарма мүшесі);
- Бексұлтан Бекмұратов, HR және коммуникациялар жөніндегі бас дирвектор (Басқарма мүшесі);
- Әлібек Алдоңғаров, Трансформация жөніндегі бас директор (Басқарма мүшесі);
- Досболат Сарымсақов, ЯОЦ жөніндегі бас директордың м.а.;
- Әлия Ақжолова, Өндіріс жөніндегі бас директордың м. а.
- Ерлан Төлеуғожин, Стратегия және даму жөніндегі бас директор;
- Қазбек Шаймердинов, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директордың м. а.
Басқарма мүшелерінің толық өмірбаяны Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: www.kazatomprom.kz.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:
Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 Email: irkazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:
Торғын Мукаева, GR және PR департаментінің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 80 63 Email: prkazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, табиғи уран өндіруде жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.
Толық ақпарат біздің интернет-ресурсымызда: http://www.kazatomprom.kz.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.