Қазатомөнеркәсіп пен China National Nuclear Corporation ынтымақтастық мәселелерін талқылады

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов Қытай ұлттық ядролық корпорациясы (China National Nuclear Corporation - CNNC) Директорлар кеңесінің төрағасы Юй Цзянь Фенмен (Yu Jianfeng) кездесті. Кездесу Қытай делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары аясында өтті.

Кездесу барысында ядролық энергетиканы бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қызметтің түрлі бағыттары бойынша кең ауқымдағы мәселелер қаралды. Ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестіктің оң тәжірибесіне ие бола отырып, тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде кен орындарын геологиялық барлау, уран өндіру және оны өңдеу, бірлескен коммерциялық жобаларды іске асыруға мүдделіктерін білдірді.

Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті: 

Торғын Мұқаева, директор

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 69

Email: iratkazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп жер асты ұңғымалы шаймалау технологиясын қолданады. Қазатомөнеркәсіптің құнды қағаздары Лондонның қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған.

China National Nuclear Corporation (CNNC) – ҚХР үкіметінің тікелей басқаруындағы ірі мемлекеттік кәсіпорын, елдің ұлттық атом саласының жетекші ойыншыларының бірі. CNNC Қытайдың материктік бөлігінде алғашқы атом электр станциясын сәтті салған. Корпорация ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі экономикалық дамуға жәрдемдесу миссиясын атқарады.