«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қазатомөнеркәсіп, ҚАӨ немесе Компания) 2019 жылғы 31 наурызда аяқталған 2019 жылғы 1-тоқсандағы қызметінің мынадай операциялық нәтижелерін жариялайды.
Бұл жарияланым уран өнеркәсібіндегі соңғы оқиғалардың жиынтығын, сондай-ақ Компанияның 2019 жылғы 1-тоқсандағы операциялық қызметінің негізгі нәтижелеріне және 2019 жылға арналған болжалдарына қатысты алдын ала ақпаратты білдіреді. Қызметтің осы операциялық нәтижелерінде қамтылған ақпарат түбегейлі болып табылмайды және өзгертілуі мүмкін.
Нарыққа шолу
2019 жылдың бірінші тоқсаны ішінде негізгі өндірушілер өндірістің төмендетілген деңгейлерінде жұмыс істеуді жалғастырғанымен, нарықтық бағалар уранды сату туралы ұсыныстар санының ұлғаюы нәтижесінде әлсіреді, оларға қатысты мүдделі сатып алушылар аз болды. Орта мерзімді перспективада сұраныс пен ұсыныстың көрінісі неғұрлым теңдестірілген болып көрінсе де, қысқа мерзімді перспективада энергокомпаниялар тарапынан қызығушылықтың болмауы АҚШ-тың Сауданы кеңейту туралы Заңының (1962) 232-бөлімі бойынша АҚШ сауда министрлігінің тергеуі аясында келісімшарттар жасасуға қатысушылардың сақтықпен қарау тәсілін көрсетті. Жұмыс істеп тұрған 98 реакторы бар уранның ірі тұтынушылары болып табылатын АҚШ-тағы әлеуетті сауда шектеулеріне байланысты орын алған белгісіздік келісімшарт қызметіне кедергі келтіруін жалғастыруда. АҚШ Сауда министрлігі 2019 жылғы 14 сәуірде Америка Құрама Штаттарының Президентіне өз есебін ұсынды; Сауда министрлігінің есебі мен ұсынымдарының егжей-тегжейі әлі жарияланбаған болса да, Президент ол ұсынылған күннен кейінгі 90 күн ішінде алдағы уақытта қандай іс-қимылдардың қабылданатынын шешуге тиіс.
Ақпан айында АҚШ-тың екі ірі энергокомпаниясы, егер отын құны ұлғаятын болса, тоғыз реакторға дейін мерзімінен бұрын жабылу ықтималыі туралы ескертті. АҚШ-та тек екі реактор салынып жатқандықтан, уақыт өте келе мұндай жабулардың әсері АҚШ нарығында сұраныстың төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Алайда АҚШ-та реакторлардың қызмет ету мерзімін 20 жылға ұзарту мүмкіндігі күтпеген жабудың әсерін ішінара өтеуі мүмкін. Соңғы осындай ұзарту 2019 жылдың наурыз айында Нью-Гэмпшир штатындағы "Сибрук" атом электр станциясына берілді.
Спот нарығы
2019 жылдың қаңтар айының соңында 29,00 АҚШ доллары болатын үш жылдық ең жоғары көрсеткішке жеткеннен кейін, спот бағасы наурыз айының ортасында күрт төмендеп, тоқсанның соңында 25,33 АҚШ долларына жетіп, біртіндеп әлсірей бастады. Жалпы, жыл басында нарықтық белсенділіктің қысқаруы (жылдық белсенділіктің тарихи бөлінуін ескере отырып) күтілсе де, АҚШ-тың Сауда министрлігін тексерудің нәтижесінде пайда болған белгісіздік бірінші тоқсанда бағаның төмендеуін ушықтырып жіберді. Бұдан басқа, спот бағасының төмендеуінің байқалып отырған үрдісі пайданы толығымен тіркеу мақсатында, 2018 жылы кейбір трейдерлерді баға өсімінің бастапқы кезінде төмен бағамен сатып алған материалын сатуға мәжбүр етті, бұл спот бағасына қосымша қысым көрсетті.
2019 жылғы бірінші тоқсанда U3O8 спот саудасының жалпы көлемі 17,8 млн. фунт U3O8-ны құрады, бұл өткен жылдың осындай тоқсанына қарағанда, 30%-ке жоғары (UxC деректері бойынша), бұл ретте орташа апталық спот бағасы 28,11 АҚШ долларын құрады (2018 жылдың бірінші тоқсанында орташа сату бағасы 22,37 АҚШ доллары болған 13,7 млн. фунт U3O8-мен салыстырғанда).
Ұзақмерзімді нарық
Ұзақмерзімді нарықта бағалар барлық тоқсан ішінде 32 АҚШ доллары деңгейінде болды. 232 петициясын тексеру бойынша шешімді күтуге байланысты белгісіздік орын алғандықтан, ұзақмерзімді нарықта келісімшарт жасасу деңгейінің әлі де төмен екендігі байқалады.
Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылғы 1-тоқсандағы операциялық қызметінің нәтижелері 1
31 наурызда аяқталған үш ай | |||
U3O8 нысанындағы уран т | 2018 | 2019 | Change |
Өндіріс көлемі (уран т.) ( 100% негізде)2 | 5,518 | 5,294 | (4)% |
Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар)(уран т.)3 | 2,911 | 3,063 | 5% |
Топ бойынша сату көлемі (уран т.)4 | 2,285 | 1,645 | (28)% |
ҚАӨ/ТҰК сату көлемі (уран т.)5 | 2,281 | 1,465 | (36)% |
ҚАӨ/ТҰК мәмілелері бойынша өткізудің орташа бағасы (АҚШ долл./ фунт U3O8 )6* | 23.10 | 26.78 | 16% |
Айдың соңындағы спот бағаларының орташа бағасы (АҚШ долл./фунт U3O8)7* | 21.43 | 27.41 | 28% |
1 - Барлық мәндер алдын ала мәндер болып табылады.
2 - Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өнімін шығарудың жиынтық көлемін білдіреді және өнім шығарудың осы көлемінің белгілі бір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестеріне немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болатынын ескермейді. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
3 – Өндіріс көлемі (үлесіне барабар): Компанияның үлестік қатысу мөлшеріне барабар үлесі бар кәсіпорындардың өнімін шығару көлемін білдіреді және бірлескен кәсіпорындар немесе үшінші қатысушылар бойынша серіктестерге жататын қалған бөлігін қамтымайды. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 – Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚАӨ: (і) олардың табыстылығына елеулі әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігі, (ІІ) осындай субъектілермен оның қатысуынан түскен кірістердің өзгеруіне әсері немесе құқығы және (ІІІ) Топ пайдасының мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілермен өз өкілеттіктерін пайдалану қабілеті болуы арқылы бақылайтын компаниялардың) сатуын қамтиды. Маңызды әлеуетті дауыс құқығын қоса алғанда, негізгі құқықтардың болуы және әсері ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаны бақылауын бағалау кезінде ескеріледі.
5 – KAӨ / ТҰК сату көлемі: ҚАӨ және KazakAtomAG Сауда үйінің (TҰK) тек шоғырландырылған сатуын ғана қамтиды. KAP және TҰK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
6 – KAP / TҰK өткізуінің орташа бағасы: KAӨ және TҰK шоғырландырылған сату үшін уран концентратының бір фунтына арналған орташа өлшенген баға. KAӨ және TҰK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.
7 – Дереккөз: UxС, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгіленімдерінің орташа мәнін емес, уранға айдың соңындағы споттық баға белгіленімдерінің орташа мәнін білдіреді, өйткені келісімшарттық баға талаптары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты болады.
*кг-ні U3O8 фунтына қайта есептеу коэффициенті 2,5998 болатынына назар аударыңыз.
2019 жылдың бірінші тоқсанында сату көлемі, ең алдымен, клиенттің 800 тU жеткізілімін бірінші тоқсаннан екінші тоқсанға ауыстыру жөнінде өтінішіне байланысты 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмен болды. Өткен жылмен салыстырғанда уран бағасының нығаюы нәтижесінде 2018 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, 2019 жылдың бірінші тоқсанында орташа сату бағасы ұлғайды.
Әр тоқсанның сату көлемі айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін,ал тоқсандық сату көлемі жылдан жылға өзгеріп отырады. Алайда, әр жылдың басында нарықтағы белсенділік деңгейінің төмендігіне байланысты, бірінші тоқсанда сату көлемі басқа тоқсандармен салыстырғанда төмен болады деп күтілуде.
Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылға арналған болжалдары
(айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 370 теңгені құрады) | 2019 |
Өндіріс көлемі (уран т.) (100% негізде)1 |
22,750 –22,800 |
Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) (уран т.)2 | 13,000 – 13,500 |
Топтың өткізу көлемі, тонн3 | 15,000 – 16,000 |
ҚАӨ/ ТҰК сату көлемі (уран т.)3 | 13,500 – 14,500 |
Топтың жалпы шоғырландырылған түсімі, млрд .теңге4 | 485 – 505 |
Топтың жалпы шоғырландырылған түсіміне енгізілген U3O8 өткізуден түскен түсім, млрд теңге4 | 392 – 408 |
Ақшаның өзіндік құны (AttributableC1), USD / фунт* | $11.00 – $12.00 |
Ақшаның өзіндік құны + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (Attributable AISC), USD / фунт* | $15.00 – $16.00 |
Күрделі шығындар (100% негізде), млрд. теңге5 | 85 – 95 |
1 - Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өнімін шығарудың жиынтық көлемін білдіреді жәнеді өнім шығарудың осы көлемінің белгілі бір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестеріне немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болатынын ескермейді. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
2 – Өндіріс көлемі (үлесіне барабар): Компанияның үлестік қатысу мөлшеріне барабар үлесі бар кәсіпорындардың өнімін шығару көлемін білдіреді және бірлескен кәсіпорындар немесе үшінші қатысушылар бойынша серіктестерге жататын қалған бөлігін қамтымайды. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
3 – ҚAӨ / ТҰК сату көлемі: ҚАӨ және KazakAtomAG Сауда үйінің (TҰK) тек шоғырландырылған сатуын ғана қамтиды. KAP және TҰK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
4 - Күтілетін түсім сыртқы көздерден алынған уран бағасына негізделген. U3О8 бір фунты үшін 26 АҚШ доллары бағасын көрсете отырып, 2018 жылғы 3-тоқсанда UxC жариялаған спот бағасының болжамы 2019 ж. бюджетін жасау кезінде пайдаланылды. Осылайша, түсімге уранның нақты апталық бағасы осы жорамалдың қалай түрленуіне қарай әсер етуі мүмкін
5 – Жиынтық күрделі шығындар (100% негізде): өндіру кәсіпорындарының инвестициялық шығындарын ғана қамтиды.
* кг-ні U3O8 фунтына қайта есептеу коэффициенті 2,5998 болатынына назар аударыңыз.
2018-2020 жылдар кезеңінде өндірудің жоспарланған көлемін (Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірудің шоғырландырылған жоспарланған деңгейімен салыстырғанда) 20%-ке қысқарту туралы мәлімделген ниетті ескере отырып, бұрын айтылған болжалдарға сәйкес 2019 жылы Қазатомөнеркәсіптің өндіріс деңгейі өзгермейді деп күтілуде. Жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттарға сәйкес 2019 жылы өндіру шамамен 22 750 – 22 800 уран т (100% негізде) құрайды деп күтілуде; өндіріс деңгейі көлемінің қысқаруын есепке алмағанда, 2019 жылы 28 500 тонна уран (100% негізде) деген белгіден асып түсер еді.
Сату көлемі, күрделі шығындар, түсім және өзіндік құн бойынша болжалдар да бұрын айтылған деректермен салыстырғанда өзгерсіз қалды.
Компания жыл соңында табиғи уран қорларының (қоймалардағы қалдықтардың) деңгейі өндірістің шамамен алты айлық пропорционалды көлемін құрайды деп күтуде.
Инвесторлармен өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер бойынша
CoryKos, Инвесторлармен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: irkazatomprom.kz
Жұртшылықпен байланыс және БАҚ сұрау салулары мәселелері бойынша
Торғын Мұқаева, Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: prkazatomprom.kz
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz. интернет-ресурсында қолжетімді болады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ туралы
Қазатомөнеркәсіп 2018 жылы уранды жиынтық әлемдік бастапқы өндірудің 23% мөлшеріндегі қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ аталған салада уранның ең ірі резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 13 уран өндіруші кәсіпорынға біріккен және жерасты ұңғылап шаймалау технологиясын қолданатын Қазақстан Республикасының аумағында 26 кен орнын игеруде.
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық атом компаниясы бола отырып, Компания әлемдегі уран өндіру саласындағы барлық жетекші ойыншылармен серіктестік қарым-қатынас орнатты. Топтың негізгі клиенттері атом генерациялайтын қуаттар операторлары, ал Топтың өнімі үшін негізгі экспорттық нарықтар Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа болып табылады. Топ ұзақмерзімді келісімшарттар, қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей өзінің штаб-пәтерінен немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы ТҰК арқылы уран мен уран өнімдерін сатады.
Толығырақ ақпарат – біздің жаңартылған интернет-ресурсымызда: http://www.kazatomprom.kz
Болашаққа қатысты мәлімдеме
Өткен фактілерге қатысы жоқ барлық мәлімдемелер болжамды сипаттағы мәлімдемелер болып табылады. Болжамдық сипаттағы мәлімдемелер Компанияның қаржылық жай-күйіне, операциялық қызметінің нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ көрсеткіштеріне және бизнеске қатысты оның ағымдағы болжалдары мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге "нысаналы көрсеткіш", "санау", "күту", "мақсат", "ниеттену", "мүмкін", "болжай білу", "есептеу", "жоспар", "болжау", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "тиіс", "болуы мүмкін" сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс нысандарын қамтуы ықтимал. Болжамды сипаттағы мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдермен, белгісіздікпен және Компанияның бақылауына кірмейтін және Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болжамдық сипаттағы мәлімдемелерде көрсетілгендерден немесе болжанатын мәндерден айтарлықтай өзгеше болуына әсер ететін басқа да маңызды факторлармен байланысты болады. Болжамды сипаттағы мұндай мәлімдемелер Компания бизнесінің ағымдағы және болашақ стратегиясына және ол болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген жорамалдарға негізделеді. Осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты кез келген мәлімдемелер туралы ақпарат болашақ оқиғалар туралы бірқатар болжамдарға негізделеді, айтарлықтай экономикалық және бәсекелі белгісіздікке, сондай-ақ анықтықпен болжай алмайтын және кейбіреулері компанияның бақылауынан тыс болатын басқа да жағдайларға ұшырайды. Болашаққа қатысты мәлімдемелердің іске асырылуы мүмкін қандай да бір кепілдіктер бола алмайды және нақты нәтижелер мәлімделген көрсеткіштен жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Компания, оның акционерлері, директорлары, лауазымды адамдары, қызметкерлері, консультанттары немесе үлестес тұлғалары, сондай-ақ жоғарыда аталған тұлғалардың кез келген өкілдері немесе үлестес тұлғалары болашаққа қатысты осында ұсынылған мәлімдемелердің анықтығына жауапты болмайды. Болжамдық сипаттағы мәлімдемелерді қоса алғанда, ақпарат осы құжаттың күніне жатады және болашақта нәтижелер туралы ешқандай куәландыруды қамтымайды. Компания қаржы деректері мен болжамды сипаттағы мәлімдемелерді қоса алғанда, жаңартуларды немесе қайта қаралған ақпаратты тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерді немесе міндеттерді өзінен тікелей алып тастайды және Компанияның болжалдарындағы өзгерістерге, болжамды сипаттағы мәлімдемелер негізделген оқиғалардың, шарттардың немесе мән-жайлардың өзгерістеріне не осы құжат шығарылған күннен кейін туындаған басқа да оқиғаларға немесе мән-жайларға байланысты болуы мүмкін қандай да бір қайта қаралған деректерді жария түрде шығармайды.