Шымкент қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Трансформация: көшбасшылықты нығайту жолы» деген тақырыппен Ақпарат күнін өткізді.
Ақпарат күні бүгінге дейін қол жеткен нәтижелерді еркін талқылау форматында өтті және компанияның қауіпсіздік, жауапкершілік, даму, кәсібилік, команда сияқты корпоративтік құндылықтарын ілгерілетуге бағытталды.
Іс-шараға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес компанияларының және Орталық трансформациялау командасының («Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС) өкілдері қатысты. Қазатомөнеркәсіптің еншілес компанияларының қатардағы қызметкерлеріне ерекше екпін жасалды – олар шақырылған үш жүз қатысушының жартысынан көп бөлігін құрады.
– Біздің әлем барлығы да тез өзгеруде. Сала көшбасшысы, табысты компания болу үшін үнемі дамуы қажет. Трансформациялаудың біздің жақсы жаққа қарай өзгеруімізге және дамудың сапалық жаңа сатысына шығуымызға көмектесетіндігіне сенімдімін, - деп атап өтті өзінің кіріссөзінде ұлттық атом компаниясының Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.
Сонымен қатар Қазатомөнеркәсіп басшысы әр қызметкердің жеке дамуының қажеттілігін және өзгерістерде менеджментке әрбір адамды тартудың маңыздылығын межелеп көрсетті.
Трансформациялау жобаларының басшылары Ақпарат күнінің негізгі спикерлері болды.
Іс-шараға қатысушылар кешенді қауіпсіздікті басқару, үнемді өндіріс, сатып алуды санаттық басқару, HR, цифрландыру және автоматтандыру мәселелерін жан-жақты сөз етіп, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.
– Өткен жарты жыл ішінде Қазатомөнеркәсіпте трансформациялау жобаларының қоржыны өзектендірілді. Корпоративтік орталық пен «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-нда SAP жүйесі тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Еншілес кәсіпорындарда үнемді өндіріс жобасы бастау алды, корпоративтік мәдениетті дамыту шеңберінде компанияның жаңа құндылықтары бекітілді. Санаттық сатып алу компанияны сатып алу процестерін басқарудың таңдаулы әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін анағұрлым жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді, - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Трансформация және ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директоры Бексұлтан Бекмұратов.
Іс-шара барысында жобалық командалардың үздік шыққан өкілдері ұлттық атом компаниясы басқарма төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. «Үнемді өндіріс қағидаттарын енгізу» жобасы бойынша ауыспалы кубок жарияланып, ол әр тоқсан сайын осы сала бойынша үздік кәсіпорынға тапсырылатын болды. Алғашқы болып ауыспалы кубокқа «Семізбай-U» ЖШС лайық деп танылды.
Ақпарат күні соңында холдинг қызметкерлеріне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік құндылықтарының логотипі таныстырылды. Арнайы жарияланған байқауда үздік жоба ұсынып, жеңімпаз атанған «Семізбай-U» ЖШС геотехнологиялық бөлімінің басшысы Әлия Өмірәлиева ұйымдастырушылар тарапынан марапатқа ие болды.