«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Yellow Cake Plc компаниясының акциялары сәтті орналастырылған соң 2018 жылғы 10 мамырда қол қойылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша міндеттемелерінің орындалатынын растайды.
Келісімнің шарттарына сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 3100 тоннадан астам табиғи уранның алғашқы жеткізілімін қамтамасыз етті. Бұл Компанияның 2018 жылғы өндірісінің төрттен бірін және UxC болжамы бойынша бастапқы көздерден өндірілген әлемдік өндірістің 5%-нан астамын құрайды.
Ұзақ мерзімді келісім Yellow Cake компаниясының одан арғы эмиссияларын аяқтауына қарай және басқа да белгілі шарттарды орындаған жағдайында нарықтық бағамен жыл сайын 100 млн АҚШ долларына дейінгі сомада 9 жыл бойы табиғи уран жеткізіп беруді көздейді.
«Біз өз өніміздің елеулі бір бөлігін жеткізу жөніндегі мұндай келісімге қол қойылғанына қуаныштымыз. Yellow Cake компаниясының акцияларын орналастыруы уран бағасының өзгерісіндегі сезімталдыққа тікелей мүдделі инвесторлар тарапынан өсіп келе жатқан сұранысқа жауап береді», - деп атап көрсетті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.