Байқау кеңесінің мүшесі
Сакамото Йошинори 1983 жылы туған және Жапония азаматы болып табылады.
Сакамото Йошинори 2006 жылы Мэйдзи университетінің заң факультетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы TEXMATEX Марубени корпорациясында бастаған.
2013 жылдан 2021 жылға дейін Marubeni Utility Services Ltd-да әртүрлі лауазымдарда болған. 2021 жылдың қазан айында Марубени корпорациясында, ядролық отын бөлімінің бизнесті дамыту тобында, Марубени корпорациясының Харассан ядролық отын департаменті жобалар секциясында жұмыс істей бастаған.
2025 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласы «Марубени Хорассан жобалық кеңсесі» филиалының Бас менеджері болып тағайындалды.