Рыспанов Алмас Абдигалиевич

Байқау кеңесінің мүшесі

Алмас Рыспанов 1987 жылы туған және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Алмас Рыспанов КИМЭП Университетін «Қаржы және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша «Іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп бакалавры» біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «КПМГ Аудит» ЖШС-де аудит Департаменті қаржы институттарының 1 секторының ассистенті қызметінен бастады.

2010-2017 жылдары ҚР-ның республикалық бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында және «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-де түрлі лауазымдарды атқарды.

2017 жылдан 2020 жылға дейін «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ кәсіпорындар жүйесінде, «РУ-6» ЖШС-де Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымында еңбек қызметін жүзеге асырды.

2020 жылы «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ экономикалық талдау департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры болып тағайындалды.