«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2022 жылғы 4-тоқсандағы қызметінің операциялық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп, ҚАӨ немесе Компания) 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған төртінші тоқсан мен жыл бойындағы қызметінің операциялық нәтижелерін жариялайды.

Бұл жарияланым уран және ядролық салаларындағы соңғы оқиғалардың жиынтығын, сондай-ақ Компанияның төртінші тоқсан мен 2022 жылғы операциялық қызметінің негізгі нәтижелеріне және 2023 жылға арналған қаржылық емес болжамдарына қатысты алдын ала ақпаратты білдіреді. Қызметтің осы операциялық нәтижелеріндегі ақпарат түпкілікті емес, өзгертілуі мүмкін.

Нарыққа шолу

2022 жылғы қарашада Шарм-эль-Шейхте, Париж келісімінде баяндалған жаһандық климаттық (КС 27) мақсаттарға қол жеткізу үшін шараларды талқылау бойынша, климаттың өзгеруі жөніндегі кезекті БҰҰ-ның конференциясы өткізілді. КС 27 қорытындысы бойынша келісім жобасы әзірленді, оның ішінде КС алдыңғы барлық отырыстарының климаттың өзгеруі проблемаларын шешудің көпжақты тәсіл қолдану маңыздылығы расталады. Айта кеткен жөн, «энергетикалық кешендер мен жүйелер әртараптандыру» шеңберінде келісім «шығарындылары төмен және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану деңгейін ұлғайтуға» шақырады. Әлемдік энергетикалық жүйесін көміртексіздендіруге технологиялық инклюзивтілік тұжырымдарды шақыруға қосуы, атом энергетикасын қоса алғанда, дамыту мүмкіндігін жақсартады.

Польша үкіметі энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға ұмтыла отырып, көмірді энергия көзі ретінде пайдаланудан бас тартуға және елінде бірінші атом электр станциясын құрылысты жүзеге асыру үшін америка үкіметімен, Westinghouse Electric Co. (Westinghouse) компаниясымен,ынтымақтасуға шешім қабылдады. Келісімге сәйкес, поляк ядролық энергетикалық бағдарламасын бастапқы кезеңді іске асыру үшін Westinghouse қысымды сумен (PWR) AP1000 түріндегі үш реактор қамтамасыз етеді. 2040 жылдардың басында Польша жалпы қуаты 6-дан 9 ГВт-қа дейінгі атом энергиясын өндіруге, ал 2033 жылы Westinghouse орнататын бірінші реакторды іске қосуды жоспарлап отыр. Поляк үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, Польшадағы алғашқы үш блокты атом электр станциясы Балтық теңізіне жақын Любятово-Копалино ауданының жағалауға жақын Чочево кентінде орналасады.

Нидерланды үкіметі 2035 жылға қарай қолданыстағы «Борселе» атом электр станциясының алаңында екі реактор салу жоспарын растады. Жоспарларға сәйкес, үшінші буындағы екі реактордың әрқайсысы қуаты 1000 МВт-тан 1650 МВт-қа дейін болады. Атом энергиясын таңдау климаттық мақсаттарға және көміртегі шығарындыларының нөлдік деңгейіне жету үшін 2040 жылдан кешіктірмей Нидерланды электр энергиясын өндіруде таза энергия көздерінің барлық түрлерін пайдалануы керек екендігіне байланысты. Сонымен қатар, Үкімет «Борселе» бір блокты атом электр станциясының қызмет ету мерзімін 2033 жылы аяқталатын лицензияның қолданылу мерзімінен тыс ұзарту жоспарын жариялады.

Ұлыбританияның бизнес, энергетика және өнеркәсіптік стратегия министрлігі ядролық отын өндірісін қолдау және жетілдірілген реакторларды әзірлеу үшін 77 миллион фунт стерлинг көлемінде мемлекеттік қаржыландыруды ұсыну жоспарлары туралы мәлімдеді. Бұрын Westinghouse компаниясына Англияның Ланкашир округіндегі Springfields алаңында конверсиялық қуаттылықты орналастыруды зерттеуге 13 миллион фунт стерлинг бөлген болатын. Ұлыбританияның жетілдірілген модульдік реакторды зерттеу және дамыту бағдарламасына жоғары температуралы газ реакторын зерттеуді қолдау үшін 60 миллион фунт стерлинг бөлінді, оны 2030 жылдардың басында пайдалануға беру күтілуде.

Қыс мезгілінде электр энергиясының тапшылығы туралы алаңдаушылыққа жауап ретінде неміс заң шығарушылары бұрын 2022 жылдың соңына жоспарланған елдің соңғы үш атом электр станциясын пайдаланудан шығаруды 2023 жылдың сәуір айының ортасына дейін кейінге қалдыруға келісті. Германияның атом энергиясы туралы заңы «Изар» атом электр станциясының №2, «Неккарвестхайм» атом электр станциясының №2 және «Эмсланд» атом электр станциясының энергия блоктарының жұмысын ұзартудың құқықтық негіздерін белгілейді. Германия үкіметінің энергия блоктарының қызмет ету мерзімін ұзарту туралы шешімі «Жасылдар» антиядролық партиясы мен қалған реакторларды 2024 жылға дейін сақтауды қалайтын, бизнесті қолдайтын Еркін демократиялық партия арасындағы ымыраға келу ретінде қарастырылады.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында Жапония үкіметі атом энергетикасын жандандыру жоспарын бекітті. Жаңа саясатқа сәйкес, Жапония тоқтатылған реакторларды қайта іске қосуды жеделдете отырып, «қолда бар ядролық қуаттарды барынша пайдаланатынын» жариялады, бұл өз кезегінде «Фукусима» атом электр станциясындағы апаттан кейін қабылданған атом энергетикасынан біртіндеп бас тарту жоспарын жояды. Сонымен қатар, ядролық реакторлардың максималды пайдалану мерзімін ұлғайту ниеті (ағымдағы ең ұзақ мерзім – 60 жыл), сондай-ақ пайдаланудан шығарылған реакторларды ауыстыру үшін жетілдірілген реакторларды әзірлеу жоспарлары жарияланды.

Атом саласына қатысты саяси шаралардан басқа, төртінші тоқсанда уранға деген сұранысқа қатысты бірқатар жаңа оқиғалар жарияланды:

  • Росатом Египетте «Эль-Дабаа» атом электр станциясының екінші энергия блогының құрылысының басталғанын жариялады. «Эль-Дабаа» атом электр станциясының екінші блогы - Жерорта теңізінің Египет бөлігінің солтүстік жағалауында салынатын төрт ресейлік ВВЭР-1200 реакторларының бірі.
  • Венгрия Парламенті мемлекеттің ортасында орналасқан «Пакш» атом электр станциясында жұмыс істеп тұрған төрт ВВЭР-440 реакторының қызмет ету мерзімін ұзарту жоспарларын мақұлдады. Үкіметтің мақұлдауымен «Пакш» атом электр станциясын қосымша 20 жыл ішінде пайдалануға дайындық жұмыстарын бастауға болады.
  • Осыған ұқсас, тоқсан аяқталғаннан кейін көп ұзамай, 2023 жылдың басында француздық ENGIE энергетикалық компаниясы мен Бельгия үкіметі «Дул» атом электр станциясының №4 және «Тианж» атом электр станциясының №3 энергия блоктарының қызмет ету мерзімін 2035 жылға дейін он жылға ұзартуға келісті.
  • China National Nuclear Corp. (CNNC) Қытайдың Шандун провинциясындағы «Хайян» атом электр станциясының №4 блогында Cap-1000 қысымды су реакторының (PWR) құрылыс кезеңінің басталғанын жариялады, ол State Power Investment Corp (SPIC) компаниясымен басқарылатын жоба және сол компанияға тиесілі болып табылады.
  • Төртінші тоқсан аяқталғаннан кейін көп ұзамай China General Nuclear (CGN) Қытайдың Гуансис автономиялық ауданында орналасқан «Фанчэнган» атом электр станциясының №3 блогы алғаш рет желіге қосылғанын хабарлады. 1 180 мегаватт қысымды су реакторы (PWR) 10 қаңтарда электр желісімен синхрондалды, ал оны коммерциялық пайдалануға берілуі 2023 жылдың екінші жартысына жоспарланған.

Төртінші тоқсанда «дәстүрлі емес сұранысқа» байланысты бірқатар оқиғалар болды:

  • Желтоқсан айында АҚШ Энергетика министрлігінің ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы (NNSA) «АҚШ-тың уран қоры» бағдарламасы шеңберінде АҚШ-тың бес американдық уран өндірушілермен (enCore Energy, Energy Fuels, Peninsula Energy, Ur-Energy және Uranium Energy Corp) 1,1 млн фунт U3O8 жеткізу туралы келісімшарттар жасасты. Бұл мәмілелер АҚШ үкіметінің АҚШ-тың ядролық отын жеткізу тізбегі мен өндірістік қуатын қолдау үшін 2020 жылы АҚШ Конгресі мақұлдаған және 75 миллион АҚШ доллар мөлшерінде бөлінген қаражаттың бөлігі болып табылады. Уран өндірушілермен келісімшарттардан басқа, NNSA U3O8-ді уран гексафторидіне (UF6) түрлендіру үшін ConverDyn компаниясымен құны 14,5 миллион АҚШ доллар құрайтын бір көзден бес жылдық келісімшарт жасасты.
  • Қытайдың Қазақстанмен шығыс шекарасында орналасқан Алашанькоудағы табиғи уран қоймасы табиғи уранның бірінші партия жеткізілімін сақтау үшін қабылдады. Құрылысы үш кезеңмен жүргізіліп жатқан қойма, алдағы жылдары уран саудасының ірі орталығына айналуы тиіс. 3 000 тоннаға дейін уранды (7,8 миллион фунт U3O8) сыйдыра алатын I Кезең 2021 жылдың соңында сәтті аяқталды, қазіргі уақытта 10 000 тоннаға дейін (26 миллион фунт U3O8) қосымша сыйымдылығы бар II Кезеңнің құрылысы жүріп жатыр.

Ұсыныс жағына келетін болсақ, 2022 жылдың 9 қарашасында Cameco корпорациясы МакАртур-Ривер кенішінен алынған уран кенінің алғашқы фунттары Ки-Лейк кәсіпорнында өңделіп, қапталғаны туралы мәлімдеді. Бұл осы кәсіпорындардың 2018 жылдың қаңтарында тоқтатылып, техникалық қызмет көрсету режиміне ауысқаннан кейін қайта іске қосылғанын білдіреді. Cameco корпорациясы осы кәсіпорындарда 2024 жылдан бастап жылына 15 миллион фунт U3O8 (100% негізде) өндіруге ниетті, бұл олардың жылдық лицензияланған қуатынан 40%-ға аз және ағымдағы стратегиясы мен тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкес өндірістік шешімдерінің щеңберінде.

Қорытындылай келе, Cameco корпорациясы мен Brookfield Renewable Partners компаниясы Westinghouse-ты шамамен 7,9 миллиард АҚШ долларға сатып алу аясында стратегиялық серіктестік туралы жариялады. Brookfield Renewable Partners 2023 жылдың екінші жартысында жабылуы күтілетін мәміле аяқталғаннан кейін Westinghouse акцияларының 51% иеленеді, ал Cameco корпорациясы қалған 49% иеленеді. Cameco Westinghouse-тың қолданыстағы қарыз құрылымы жалғасады, бұл мәмілені жабу кезінде түзетулерді ескере отырып, меншікті капитал 4,5 миллиард АҚШ долларға бағаланады деп мәлімдеді. Акционерлік капиталдың бұл құны Brookfield Renewable Partners компаниясы мен оның институционалдық серіктестері (~2,3 млрд АҚШ доллары) мен Cameco корпорациясы (~2,2 млрд АҚШ доллары) арасындағы қатысу үлесіне пропорционалды түрде бөлінетін болады.

Нарықтағы белсенділік және баға белгілеу

Қазан айында спот нарығындағы белсенділік сатып алушылардың қызығушылығының артуына байланысты өсті, бұл спот бағасын U3O8 фунты үшін 52,68 АҚШ долларға дейін көтерді. Қазан айында спот-нарықта энергетикалық компаниялардың айтарлықтай болмауына байланысты сатып алушылар негізінен трейдерлер, қаржылық ойыншылар және өндірушілер болды. Қараша айында спот-нарықтағы белсенділік біршама баяулады және спот бағасы бір ай бойы U3O8 фунты үшін 50,00 АҚШ долларын құрады. Мереке маусымы басталған кезде спот-нарықтағы белсенділік құлдырауын жалғастырды және жыл соңына қарай спот бағасы U3O8 фунты үшін 47,68 АҚШ долларға дейін төмендеді. Үшінші тарап көздерінің мәліметтері бойынша, 2022 жылғы споттық транзакциялар өткен жылмен салыстырғанда шамамен 50% - ға қысқарды. Споттық транзакциялар шамамен 52 миллион фунт U3O8 (20 000 тонна уран) құрады, орташа апталық спот бағасы U3O8 фунты үшін 49,61 АҚШ долларын құрады, ал 99 миллион фунт U3O8 (38 000 тонна уран), орташа апталық спот бағасы 2021 жылы U3O8 фунты үшін 35,05 АҚШ долларын құрады.

Ұзақ мерзімді уран нарығында, үшінші тарап деректері бойынша, 2022 жылы транзакциялардың жалпы көлемі шамамен 114 миллион фунт U3O8 (43 800 тонна уран) құрады, ал 2021 жылы шамамен 72 миллион фунт U3O8 (27 700 тонна уран). 2022 жылы ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша нарықтық белсенділіктің 60% өсуі U3O8 фунты үшін 9,25 АҚШ долларына ұзақ мерзімді бағаның айтарлықтай өсуіне әкелді, бұл жыл соңында U3O8 фунты үшін 52,00 АҚШ долларын құрады (ай сайын үшінші тарап көздері жариялайды).

Компания оқиғалары

Логистикалық тәуекелдерді азайту шаралары

Бұрын хабарланғандай, Қазатомөнеркәсіп 2022 жылғы желтоқсанда Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) арқылы табиғи уран физикалық жеткізілімін сәтті жүзеге асырдыКомпания қандай да бір себептермен негізгі маршруттың қолжетімсіздігінің ықтимал тәуекелін жою мақсатында 2018 жылдан бері өз өнімін Батыс нарықтарына жеткізу үшін ТХКБ-ны балама бағыт ретінде табысты пайдаланып келеді.

Қазатомөнеркәсіп Ресейге қарсы санкцияларға байланысты жағдайды және олардың дайын өнімді Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдауға ықтимал әсерін бақылауды жалғастыруда. Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша Компанияның клиенттеріне дайын өнімді жеткізуіне байланысты ешқандай шектеулер байқалмайды.

Басқарма және Компания Басшылығы

2022 жылғы желтоқсанда хабарланғандай, Қазатомөнеркәсіптің экономика және қаржы жөніндегі Бас директоры Камила Сыздықова, сондай-ақ коммерция жөніндегі Бас директор Асқар Батырбаев 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап және 2023 жылғы 11 қаңтардан бастап өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдады.

Руслан Бекетаев 2023 жылғы 11 қаңтардан бастап Экономика және қаржы жөніндегі Бас директор болып тағайындалды. Бұған дейін ол Еуразиялық даму банкінде Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған, бұрын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің вице-министрі қызметін атқарған.

Бұрын Қазатомөнеркәсіптің сатуды сүйемелдеу департаментінің директоры қызметін атқарған, 2014 жылдан бастап компания тобында жұмыс істейтін Әлішер Тайжанов 2023 жылғы 11 қаңтардан бастап коммерция жөніндегі Бас директор және 2023 жылғы 12 қаңтардан бастап Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

Қазатомөнеркәсіп басшылығының қазіргі құрамы:

  • Ержан Мұқанов, Басқарма төрағасы;
  • Әлішер Тайжанов, Коммерция жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі;
  • Досболат Сарымсақов, ЯОЦ жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі;
  • Әлібек Алдоңғаров, HR және цифрландыру жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі;
  • Руслан Бекетаев, Экономика және қаржы жөніндегі бас директор;
  • Марат Елемесов, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі (қазіргі уақытта академиялық демалыста).

Компания басшылығының толық өмірбаяны https://www.kazatomprom.kz корпоративтік интернет-ресурсында қол жетімді.

Қазақстандық ядролық отынның алғашқы партиясы жеткізілді

2022 жылғы желтоқсанда 2021 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «Үлба-ЖБҚ» ЖШС жылу бөлетін құрамалар (ЖБҚ) өндіру зауыты Қытайға бір қайта жүктеу көлемінде (30 тоннадан сәл астам төмен байытылған уран) ядролық отынды алғашқы жеткізуді жүзеге асырды, онда өнім Қытай China General Nuclear Power Corporation - Uranium Resources Co. (CGNPC-URC) корпорациясы тарапынан қабылданды. Бұдан әрі, «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауыты 2024 жылы толық өндірістік қуаттылыққа (жылына ЖБҚ түріндегі 200 тонна уран) шығу үшін өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Қысқа мерзімді облигацияларды орналастыру және оларды өтеу

2022 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз айлық кезеңдегі қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілікте ашылғандай, Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесі 2022 жылғы 27 қазанда Компанияның жалпы сомасы 200 миллион АҚШ долларын құрайтын коммерциялық облигацияларының төрт шығарылымын мақұлдады. Облигациялар шығарылымын орналастыру Компанияның қысқа мерзімді өтімділікке қажеттілігіне қарай жүзеге асырылатын болады. 2022 жылдың 23 желтоқсанда облигацияларының бірінші шығарылымын «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) «Негізгі» алаңының «Борыштық бағалы қағаздар» секторына «Коммерциялық облигациялар» санаты бойынша орналастырылды.

Коммерциялық облигациялардың бірінші шығарылымын орналастыру келесі шарттармен жүргізілді:

  • Облигация түрі (шығарылатын): қамтамасыз етілмеген купондық коммерциялық облигациялар
  • Облигациялар шығарылымының жалпы көлемі: 50 000 000 (елу миллион) АҚШ доллары
  • Облигациялар саны: 500 000 (бес жүз мың) дана
  • Өтеу мерзімі: облигациялар айналысы басталған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн
  • Бір облигацияның номиналды құны және номиналды құн валютасы: 100 (жүз) АҚШ доллары
  • Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (купон): жылдық 4,32% (2022 жылғы 15 желтоқсан жағдайы бойынша New York Federal Reserve Bank ресми сайтында жарияланған SOFR (secured Overnight Financing Rate) мөлшерлемесі ретінде анықталады: (https://www.newyorkfed.org/markets/referencerates/sofr)
  • Өтеуге кірістілігі: 4,60%
  • Номиналды құнның таза бағасы: 99,9768%
  • Орналастырудың жалпы сомасы: 49 988 400 (қырық тоғыз миллион тоғыз жүз сексен сегіз мың төрт жүз) АҚШ доллары

2023 жылғы 23 қаңтарда облигацияларының шығарылымы өтелді. Көрсетілген облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 50 180 000 (елу миллион жүз сексен мың) АҚШ долларын құрады, оның ішінде:

  • Негізгі қарыз (облигациялардың номиналды құны): 50 000 000 (елу миллион) АҚШ доллары
  • Купондық сыйақы мөлшерлемесі – 180 000 (жүз сексен мың) АҚШ доллары. 30 (отыз) күнтізбелік күн саны бойынша бір облигация үшін купондық сыйақы мөлшерлемесі 36 АҚШ цент құрады

Несиелік рейтинг

2022 жылғы 15 желтоқсанда Fitch Ratings рейтингтік агенттігі Қазатомөнеркәсіптің кредиттік рейтингін «тұрақты» болжамымен «BBB-» деңгейінде қайта растады2022 жылғы 28 желтоқсанда Moody's Investors Service рейтингтік агенттігі Қазатомөнеркәсіптің кредиттік рейтингін «Baa2» деңгейінде «тұрақты» болжамымен қайта растады.

ESG рейтингі

2022 жылғы желтоқсанда хабарлағандай, S&P Global Ratings рейтинг агенттігі («Рейтинг агенттігі») Компанияға 51/100 деңгейіндегі экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тәуекелдердің бағасын («ESG бағасы»). Қазатомөнеркәсіптің ESG бағасы рейтингтік агенттіктің ESG компаниясының тәуекелдер мен мүмкіндіктерге салыстырмалы бейімділігі туралы пікіріне, сондай-ақ Компанияның ұзақ мерзімді тұрақтылығын және оның жаңа үрдістер мен ықтимал іркілістерге дайындығын бағалауға негізделген.

Компанияның ESG бағалауының ағымдағы 51 баллы тау-кен өнеркәсібінің (Metals & Mining) ажырамас экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерге елеулі ұшырауын, сондай-ақ Компанияның ESG-тәуекелдерді басқару жөніндегі тиімді тәжірибесін, ең алдымен оның жергілікті және халықаралық деңгейлердегі қызметінің қатаң реттелетін сипатына байланысты көрсетеді. Айта кету керек, тау-кен компаниялары арасындағы ESG бағасының ағымдағы жаһандық ең жоғары баллы 68-ді (100-ден), ал әлемдегі тау-кен өнеркәсібінің орташа көрсеткіші 50 (100-ден) құрайды.

Қазатомөнеркәсіптің 2022 жылғы 4-тоқсандағы операциялық қызметінің нәтижелері1

 

31 желтоқсанда аяқталған жыл

 

31 желтоқсанда аяқталған жыл

 

(U3O8түріндегі уран тоннада, егер басқасы көрсетілмесе)

2022

2021

Өзгеріс

2022

2021

Өзгеріс

Өндіріс көлемі (100% негізде)2

5,780

5,860

-1%

21,227

21,819

-3%

Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар)3

3,064

3,066

0%

11,373

11,858

-4%

Топ бойынша сату көлемі4

3,025

8,117

-63%

16,358

16,526

-1%

ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген)5

1,340

6,788

-80%

13,572

13,586

0%

Топ бойынша орташа сатудың бағасы (АҚШ долл. / фунт U3O8)6*

47.51

35.82

33%

43.46

33.11

31%

ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы (АҚШ долл. / фунт U3O8) 7*

48.61

34.45

41%

42.51

32.33

31%

Айдың соңындағы спот бағаларының орташа бағасы (АҚШ долл. /фунт U3O8) 8*

49.94

44.33

13%

49.81

35.28

41%

 

Барлық мәндер алдын-ала жасалған, түпкілікті емес.

2 U3O8 өндірісінің көлемі (100% негізде): компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді. Өндірістің нақты нақты көлемдері Конвертер деректерінің нәтижелері мен өңдеу процесінде материалдар бойынша түзетуге жатады.

3 U3O8 өндірісінің көлемі (қатысу үлесіне барабар): компанияның қатысу үлесіне барабар үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) "Инкай" БК-дағы өндіріс көлемін қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлікті қамтымайды. компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде бұрын ашылған сату туралы келісімге сәйкес айқындалады. Өндірістің нақты нақты көлемдері Конвертер деректерінің нәтижелері мен өңдеу процесінде материалдар бойынша түзетуге жатады.

4 Топ бойынша U3O8 сату көлемі: U3O8 Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚАӨ олардың кірістілігіне елеулі әсер ететін (і) тиісті қызметті басқару өкілеттіктерінің, (ii) осындай субъектілермен оның қатысуынан түсетін кірістердің ықпалының немесе өзгеру құқығының және (iii) болуы жолымен бақылайтын компаниялардың) сатуларын қамтиды. Топтың пайда мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілерге өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігі. Негізгі құқықтардың болуы және ықпалы, соның ішінде елеулі әлеуетті дауыс беру құқықтары, ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаға бақылауын бағалау кезінде ескеріледі). Бірізділік мақсатында Топтың U3O8 сату көлемі уранның басқа нысандарын өткізуді қамтымайды (отын таблеткаларын өткізуді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей).

5 ҚАӨ U3O8 сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне кіреді): тек қана U3O8 Кап және KazakAtom AG (THK) сауда үйінің қорытынды сыртқы сатылымдарын қамтиды. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген. Көлем 2022 жылдың екінші тоқсанда гексафторид уран UF6 түрінде сатылған 32 т уран эквивалентін және 2021 жылдың төртінші тоқсанда гексафторид уран UF6 түрінде сатылған 225 т уран эквивалентін қоспайды.

Топ бойынша өткізудің орташа бағасы (АҚШ долл. / фунт U3O8): жоғарыдағы 4-ескертпеде жақшада анықталғандай Қазатомөнеркәсіптегі және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарындағы сатуды қамтиды.

7 ҚАӨ мәмілелері бойынша өткізудің орташа бағасы (АҚШ долл. / фунт U3O8): ҚАӨ және THK қорытынды сыртқы сатылымдары үшін уран концентратының бір фунты үшін орташа өлшенген баға. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.

8 Дереккөз: UxC, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгілеулерінің орташа мәні емес, айдың соңындағы уранның споттық баға белгілеулерінің орташа мәні болып табылады, өйткені келісімшарттық бағалар шарттары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты.

* Назар аударыңыз, кг-ны U3O8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,5998 құрайды.

COVID-19 пандемиясының 2021 жылы ұңғымаларды игеруге әсеріне байланысты 2021 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі төртінші тоқсанындағы және 2022 жылғы өндіріс көлемі қатысу үлесіне барабар және 100%-дық негізде 2021 жылмен салыстырғанда төмен болды. Әдетте, ұңғымаларды игеру мен жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен уран өндіру арасында сегіз айдан он айға дейін уақыт өтеді, осыған байланысты 2021 жылы кідірістер және/немесе белгілі бір негізгі материалдар мен жабдықтарға шектеулі қолжетімділік сол кездегі ұңғымаларды пайдалануға беру кестесіне әсер етті, бұл 2022 жылғы өндірістің төмендеуіне әкелді. Өндіріс көлеміне қатысу үлесіне пропорционалды түрде сондай-ақ 2021 жылғы шілдеде CGN Mining UK Limited компаниясына «Орталық» ӨК» ЖШС үлесінің 49% сату әсер етті.

Топ және ҚАӨ мәмілелері бойынша сату көлемі 2021 жылғы көлемге ұқсас болды. Клиенттердің жеткізілімге сұраныстарының түсу мерзімдеріне байланысты Топ пен Компания бойынша сату көлемі 2021 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2022 жылдың төртінші тоқсанында айтарлықтай төмен болды. «Инкай» БК» ЖШС-тен материалды жөнелту ТХКБ арқылы сәтті жүзеге асырылды, сол себепті Топ бойынша U3Oсату көлемі 2022 жылдың болжамды ауқымы шегінде қалды.

2022 жылдың төртінші тоқсанында да, 2022 жылғы жылдық нәтижелері негізінде де сатудың орташа бағасы уранның спот бағасының жоғарылауына байланысты 2021 жылдың ұқсас кезеңдерімен салыстырғанда жоғары болды. Компанияның қазіргі келісімшарттық портфелі уранның спот бағасымен байланысты. Дегенмен, түпкі тұтынушыларға қысқа мерзімді жеткізілімдер бойынша трансферттік баға белгілеу туралы қазақстандық заңнамаға сәйкес келісімшарт бойынша баға белгілеу күні мен нақты жеткізілім сәтіндегі споттық нарықтық баға арасында белгілі бір уақыт артта қалуы бар. Бағаның бекітілуі мен жеткізілім арасындағы осындай уақыт аралығы кезеңіндегі нарықтың жоғары құбылмалылығы бағаның өсуі мен төмендеуі жағдайында құбылмалылықтың жоғарылауымен айқынырақ болады. Сонымен қатар, кейбір ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша баға белгілеу тетіктері спот бағасының күрт көтерілуіне дейін белгіленген бағаның бекітілген негізгі компоненттерін қамтиды. Нәтижесінде, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңде Компания және Топ бойынша сатудың орташа бағасының өсуі осы уақыт аралығындағы уранның спот нарығындағы бағаның өсуінен төмен болды.

Қазатомөнеркәсіптің 2023 жылға арналған болжамдары

(U3O8түріндегі уран тоннада, егер басқасы көрсетілмесе)

 

2023

2022

Өндіру көлемі (100% негізде)1

 

20 500 – 21 5002

21 000 – 22 000

Өндіру көлемі (иелену үлесіне барабар) 3

 

10 600 – 11 2002

10 900 – 11 500

Топ бойынша сату көлемі (шоғырландырылған) 4,5

 

15 400 – 15 900

16 300 – 16 800

 ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген) 5

 

12 100 – 12 600

13 400 – 13 900

 

1 U3Oөндіру кәсіпорындарының өндіріс көлемі (100% негізде): Компания қатысу үлесі бар кәсіпорындардың жиынтық өндіріс көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді.

2 COVID-19 пандемиясының және Ресей-Украина қақтығысының ұзақтығы мен толық әсері әлі белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі ішкі күтулерден өзгеше болуы мүмкін.

3 Өндіру кәсіпорындарының U3O8 өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар): Компанияның меншік үлесіне пропорционалды үлесі бар кәсіпорындардың өндіріс көлемін білдіреді және «Инкай» БК қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлігін қамтымайды, мұнда жылдық өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды) анықталады бұрын Компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде ашылған сату туралы келісімге сәйкес. Өндірістің нақты көлемі Конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.

4 Топ бойынша U3O8 сату көлемі: U3O8 Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚАӨ олардың кірістілігіне елеулі әсер ететін (і) тиісті қызметті басқару өкілеттіктерінің, (ii) осындай субъектілермен оның қатысуынан түсетін кірістердің ықпалының немесе өзгеру құқығының және (iii) болуы жолымен бақылайтын компаниялардың) сатуларын қамтиды. топтың пайда мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілерге өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігі. Негізгі құқықтардың болуы және ықпалы, соның ішінде елеулі әлеуетті дауыс беру құқықтары, ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаға бақылауын бағалау кезінде ескеріледі). Бірізділік мақсатында Топтың U3O8 сату көлемі уранның басқа нысандарын өткізуді қамтымайды (отын таблеткаларын өткізуді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей).

5 Компанияның U3O8 сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек Компанияның U3O8 және THK сыртқы сатылымдарын қамтиды. Компания мен THK арасындағы Топ ішіндегі мәмілелер қамтылмаған.

* U3Oфунтына кг-ны қайта есептеу коэффициенті 2,5998 екенін ескеріңіз.

2023 жылы Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі бойынша болжамдар 2018-2023 жылдар кезеңінде жоспарланған өндіріс көлемін 20%-ға (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде белгіленген өндіру деңгейімен салыстырғанда) қысқарту ниетімен нарыққа бағдарланған стратегияға сәйкес бұрынғысынша сақталады. 2023 жылы өндіріс көлемі 20 500-ден 21 500 тоннаға дейін уранды және 100% негізде және тиісінше меншік үлесіне пропорционалды түрде 10 600-ден 11 200 тоннаға дейін уранды құрайды деп күтілуде. 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылға арналған болжамды өндіріс көрсеткіштерінің төмендеуі негізінен кідірістерге байланысты қиындықтардың жалғасуына және/немесе белгілі бір негізгі материалдарға, соның ішінде күкірт қышқылына және жабдыққа қол жетімділіктің шектелуіне байланысты, бұл ұңғымаларды 2022 жылы пайдалануға беру кестесіне әсер етті.

Сату көлемі бойынша 2023 жылға арналған болжамдар да нарыққа бағытталған стратегияға сәйкес келеді. Топ 2023 жылы сату көлемі 15 400-ден 15 900 тоннаға дейін уранды құрайды деп күтеді, оның ішінде ҚАӨ диапазонындағы сату көлемі бойынша күтулер 12 100 – 12 600 тонна уран. 2022 жылмен салыстырғанда U3O8 Топ пен ҚАӨ бойынша болжамды сату көрсеткіштерінің 2023 жылға төмендеуі U3O8 ҚАӨ-тен өндірілетін отын таблеткаларын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, U3O8-ден басқа сату көлемінің ұлғаюына және нысандардағы өндіріс көлемінің күтілетін төмендеуіне байланысты.

Компания әлі де компанияның шамамен алты-жеті айлық өндіріс көлеміне қатысу үлесіне пропорционалды сәйкес келетін қорлардың (қоймалардағы қалдықтардың) мақсатты деңгейін сақтауға тырысады. Компания спот-нарықта уран сатып алу бойынша мәмілелер жасай алады және компанияның тауарлық-материалдық құндылықтар деңгейін оңтайландыруға мүмкіндік беретін мүмкіндіктерге нарықтық жағдайларды бақылауды жалғастырады.

Өндірістік материалдар мен реагенттерге инфляциялық қысымды қоса алғанда, қажетті шикізат пен материалдарды жеткізудегі қиындықтар 2023 жылға дейін жалғасады, бұл Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне әсер етеді. Бұдан басқа, компанияның шығыстарына 2023 жылы күшіне енген ҚР Салық кодексіндегі пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салудың өзгеруі және әлеуметтік саладағы аударымдарға ықтимал сұрау салулар әсер етеді, алайда қазіргі уақытта бұл тәуекелдерді сандық анықтау немесе бағалау мүмкін емес. Компанияның 2023 жылға арналған қаржылық көрсеткіштері бойынша болжамдары жариялануы 2023 жылғы 14 наурызға жоспарланған 2022 жылғы қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелерін талдауда ұсынылатын болады.

Конференц-қоңырау (2022 жылдың қорытындылары бойынша қаржылық жай-күйі мен қызмет нәтижелерін талдау – 2023 жылғы 14 наурыз)

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылғы 14 наурызда жарияланғаннан кейін 2022 жылдың қорытындылары бойынша операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін конференц-қоңырау өткізуді жоспарлап отыр. Толығырақ ақпарат іс-шара өтетін күнге жақын беріледі.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Магзумов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Сабина Кумурбекова, GR және PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

Email: pratkazatomprom.kz

Осы жарнаманың көшірмесін https://www.kazatomprom.kz алуға болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 24% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал Топтың негізгі клиенттері – Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот-нарықта тікелей өзінің Астанадағы (Қазақстан) корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы Trading House KazakAtom (ТНК) еншілес сауда компаниясы арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: https://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде, бұның алдында, бұлардан кейін немесе «мақсат», «санаймыз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «әбден мүмкін» сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.