Қожамбердиев Ернұр Маратбекұлы

Бас директор

Бас директор

Еңбек қызметінің алғашқы жылдарында Deloitte компаниясында бизнесті бағалау бойынша кеңесші бола отырып, инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыруға жәрдемдесумен айналысты. "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ жүйесіндегі еңбек жолын 2015 жылы инвестициялық талдаушы ретінде бастады, кейіннен "Қазатомөнеркәсіп – Даму" ЖШС департамент директоры, "СКЗ-U" ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары, "Аппақ"ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың наурыз айында "Инкай "БК"ЖШС Бас Директорының бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2020 жылдың қыркүйегінде "СКЗ-U" ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.