Қожамбердиев Ернұр Маратбекұлы

Бас директор

Солтүстік Кентукки университетінің (АҚШ) Экономика бакалавры дәрежесімен бітірген.

Томск политехникалық ұлттық зерттеу университетінде «Уранды жер асты шаймалау технологиясы» мамандығы бойынша кәсіби қайта даярлаудан өткен.

Швейцария бизнес мектебін (Swiss Business School) Халықаралық менеджмент мамандығы бойынша MBA дәрежесімен бітірген.

NITU MISIS-ті Doctor in Tech (өнеркәсіптік технологияларды басқару докторы) бағдарламасы бойынша Іскерлік әкімшіліктің докторы (DBA) дәрежесімен бітірген.

Еңбек қызметінің алғашқы жылдарында Deloitte компаниясында бизнесті бағалау бойынша кеңесші бола отырып, инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыруға жәрдемдесумен айналысты. "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ жүйесіндегі еңбек жолын 2015 жылы инвестициялық талдаушы ретінде бастады, кейіннен "Қазатомөнеркәсіп – Даму" ЖШС департамент директоры, "СКЗ-U" ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары, "Аппақ"ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың наурыз айында "Инкай "БК"ЖШС Бас Директорының бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2020 жылдың қыркүйегінде "СКЗ-U" ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.